09.05.2022
143
Жаздың жамал аптабы
Жаным жайлау жадыраған алтын қыр,
Ақ күміске көк көбелек малтып жүр.
Күміс сəуле жаздың жамал аптабы,
Сандуғаштар саз сырнайын тартып жүр.
Шалқып аққан шат-шадыман ақ бұлақ,
Жағасында жатыр түлік бас құрап.
Мен сөйлесем жаңғырады қаратау,
Бір айқайлап əн салсам ба қаттырақ.
Мен өткінші өтті-кетті көп күнім,
Өткен күнде есем қалды тек мінім.
Өмір сені жаным қалмай сүйдім мен,
Арпалыстым, таппай кеттім бек тыным!