09.05.2022
149
Сүйегі алтын нар керек
Беглер менен бегім жоқ,
Елім барда ерім жоқ.
Заман қиын, заң құйын,
Атар таңға сенім жоқ.
Боз ала бұлт нар ма екен,
Боздағаны зарлы екен.
Жел айдаған сорлының
Басы қайда қалды екен?!
Дəулет бөлек, ар бөлек,
Дəуір бөлек, зар бөлек.
Қайта оятар намысты
Сүйегі алтын нар керек!..
Шоқ үстінде аттаймын,
От ішінде қақсаймын.
Жүрегім-жаным сенікі –
Ұлтымды қайтсем сақтаймын!..