09.05.2022
  135


Автор: Сабыр Адай

Дос тілегі

Қай тілегін айтайын жасын жырдың,
Жасып жүрмін жан қалқам, асыл құрбым.
Бал қасыққа – қарын жау, қанағат дос,
Топты көрсең тойымсыз қашып жүргін.
Қауызыңды таптайды, гүлдеріңді,
Басыңды тарт, базардан біл жөніңді.
Обалыңа қарамай оңашада,
Орай салар сағанда бір кебінді.
Адалдығың, пəктігің олжаң жаным.
Жан екенсің жақсылық толған жаның.
Кебін орап кеткенмен бірдей жаным,
Абайсызда ар төгіп қорланғаның.





Пікір жазу