Хақ қалауы - тыныштық
Əділ Алла тек бере көр ырыс-құт,
Əлсіздерге берекелі бірлікті.
Хақ қалауы – адамзаттан тыныштық,
Ұлттан жат қыл, рəсуа тірлікті.
Барлық құлға жер бетінде Хақтан нұр,
Бейбіт күннен сəуле түсіп əрленсін.
Бақыт тілеп бар халыққа жатқан жыр
Қанағат пен қайырымнан нəрленсін.
Шақыра біл, қорғай білгін, сыйлай біл,
Сүйе білгін – тұрақ қылсын тыныштық!
Жаның мен құш Жар қалауын жырлай біл,
Иман-сауап, бірлігіңді тыныс қып.
Тыныштық!..Тыныштық!..Тыныштық!..
* * *
Көрмегенсіп күліп өтпек болдың ба?!
Көзіңдегі сол мұң ба!?
Көкке ұшып кеткен менің кеудемнен,
Енді сенің қолың жетпес ол жырға.
Қу тірліктен табар дейсің сая кім?!
Қанатымды қанға малып жаямын.
Аққуларды көп ұшырған айдынмын,
Тек бір сенің жүрегіңді аядым.
Тағы кетіп барам, міне, жорыққа,
Ер жорытпас олжасынан торықса.
Көзіңмен сүй, сөзімнен сүй жырымды ал,
Жалғаншыда бармын əлі, қорықпа?!