09.05.2022
  137


Автор: Сабыр Адай

Ақын деген

Ақын өлсе көме салың тас басып,
Керек емес басқа түк.
Өз жүрегін ел ұмытпас ері мен,
Халық өзі тауып алар тап басып.
Дұға қылар құран шығып тəліммен,
Ақын деген бақыттырақ бəріңнен.
Кең дүние тыныстарсың жырымен,
Салтанат пен сəніңмен.
Бас-басыңа жырын арнар самал боп,
Өлең-өмір, өмірден тыс адам жоқ.
Ақындардан бөлек шығып үй тіккен,
Адам менен заман жоқ.
Өлең туыс заманақыр күнімен,
Бірі от та, бірі дем.
Баршаңызды салып алған жаныма,
Бар ақынның əлемдегі бірі мен.
* * *
Адам көрсең аялағын, сақтағын.
Таға көрме қара жағып, аққа мін.
Əрбір адам əлдекімнің бақыты
Қиянат жоқ бақытына басқаның.
Сұлу сезім əр кеудеде бір үміт
Сүрінгенге қолыңды соз бұрылып.
Əр жүректе бір қарашық тағдыр бар,
Жан біткенді қорлай көрме ұрынып.
Əрбір адам əлде кімнің ай-күні,
Ай бетіне сала көрме қайғыны.
Хақтың гүлі кеудедегі шыбын жан
Құдайы құл жаратқанның байлығы.
Тəңір ғана жан біткенге тəлімгер,
Жанға дəру Тəңір-тəлім нəрін бер.
Күллі адамзат – түрлі-түсті бір шоқ гүл,
Адамдар мен ардақты ғой кəміл жер.
Кəміл сырым əділеттен аттаман,
Адамдарсыз қалай, қайдан бақ табам?!
Барлық адам мендік жанның бөлшегі,
Əр кеудеге шебер Құдай сақтаған.





Пікір жазу