09.05.2022
  133


Автор: Сабыр Адай

Жол үстінен шетке шық

Бір аяғын қақпан шапқан қарысып,
Бір көкбөрі келе жатыр алысып.
Алқымынан аптап буып барады,
Атып еді таң ысып.
Көкбөрім-ай көп жорытқан көсемім,
Шақырымды шарладыңыз неше мың.
Дүниені шыңғыртып ең сан мəрте,
Сақалдатып ешкі менен есегін.
Соның бəрі майдан еді ерлік-ті,
Қанша ерді жер жұтты.
Аяғың жоқ ажал жетті қапыда,
Енді кезек сендік-ті.
Дəуреніңіз дəл басыңнан кетті өтіп,
Болмас оған өкпе түк.
Өлігіңді өңкей итке көрсетпе,
Жол үстінен шетке шық.





Пікір жазу