09.05.2022
  170


Автор: Сабыр Адай

Біз жолаушы

Хақтан-құран сен үшін!
Ислам –тылсым, келісім.
Ниет – бүршік,
Амал – гүл,
Иман – піскен жемісің!
Қандай сұлу өмір бұл,
Балдай тəтті төгіл жыр.
Уыз-арман,
Сүт-тілек,
Келсе сəби кезім бір.
Жан Иесі – Тəңірсің!..
Таусылмайтын əнімсің.
Біз жолаушы,
Өмір – Сын,
Сағынышсың, сағымсың!





Пікір жазу