09.05.2022
  166


Автор: Сабыр Адай

Жастың сағын сындырма

Ол, Жастар!..
Бізден не білмек, бір ғибрат алардай.
Кілең ала қиғаш көздерміз, жылан болып шағардай.
Қара шашқа ақ түсті,
Қара түсті ниетке,
Сосын қойды сол бір дақ,
Мың жусақта ағармай.
Бас ұстауға жақын тұрған ұрпақпыз,
«Ақсақалдар» атанбақпыз,
Жан Алла-ай»
Аларған көз,
Шабарман сөз,
Шаптан түрткен мысқылдар,
Бітіспес жау қабарған,
Жылан болып ысқырды ал.
У салмаңдар бірлігіне жастардың,
Туысынан жау іздеген бадырақ,
Екі көзі шыққырлар.
Бізден шалғай басын қосып болашақ,
Ынтымақтан нұрлансын.
Толастамас жау – жағалас тіршілік,
Кіл емтихан, тұрған сын.
Не заманды: Сен байлайсың тізгіндеп.
Не заманға: Сенің өзің құрбансың.
Жолдан шығып
Жастарға бер даңғылды,
Алаңдамай асқар шыңға аттансын,
Тұлпар көрсең тай күнінен баптарсың.
Қартсыз өмір – қалыбы жоқ кірпіштей,
Қағидалы қарттың сөзін сақтарсың.
Қарттар керек:
Адал жүріп, ой түйіп,
Талаптының шырақ болған түніне.
Жетесіз қарт жетер жастың түбіне.
Күн деп ойла қағидалы қарт көрсең,
Жүрегіңнің құлағын тос үніне.
Жастардың да
Заманға сай жауы бар,
Кедергі боп, сақал бұлдап ірікпе!
Бес қару бер «болам!..» – деген жігітке!
Ер түзелмес сағы сынса жасынан,
Ат түзелмес белең алып үріксе.





Пікір жазу