09.05.2022
  148


Автор: Сабыр Адай

Қиянатсыз бір күн жоқ

Сұр жебесін өндіршектен сырғытып,
Үйренген жау нақақ қанды қылғытып.
Көктей талмап жұлынымды
келіп-ақ тұр үзгісі,
Көк желкемнен бір мытып.
Соның бəрін сорлы жүрек сезініп тұр сан ғасыр,
Жүрегім ғой туған елім басқа менде бар ма сыр.
Атамекен аппақ арым, уыз арман, көп үміт,
Ақ жанымның аспанында самғасын.
Қиянатсыз бір күні жоқ тірлік бұл,
Шыт көйлегі шұрық тесік
тыныштық пен шындық тұр.
Азған кеуде,
Тозған ғалам,
Бар білері зұлмат ой мен зұлымдық,
Хақтан тіле, бір Аллаға құлдық қыл!..





Пікір жазу