09.05.2022
  179


Автор: Сабыр Адай

Бәдік бағбан

Бағбан шал баяғыдан сенгеніміз,
Орман от, осы-ақ еді енгеніміз.
Ит жуа, қарға тұяқ, желбас қамыс,
Күл болды боз тікенек, шеңгеліңіз.
Қалыпты қамыс аман, қайың құлап,
Орманның кім біледі жайын бірақ.
Өрттен соң өрттей лаулап қаптап кетті,
Қарандыз, қарасора, айыр құлақ.
Құм басып шөлге айналды қайыңды бел,
Көріп кет көзден таса жайымды кел.
Көк жасыл орман едім көркім қандай,
Бəрінен бəдік бағбан айырды дер.





Пікір жазу