09.05.2022
167
Иманнан болсын ырзығың
Қаз-қаз басқан моншағым,
Тұсауын, міне, кестірді.
Қызығы болды ортаның,
Былдырлап жүріп ес білді.
Өрімтал жастың өндірі,
Жайқалған жаңа жан гүлім.
Ал сендік заман ендігі,
Тартарсың балам нар жүгін.
Жаңа да ұрпақ, жаңа жыр,
Қылығы тəтті қырмызым.
Заманың тыныш, заң əділ,
Иманнан болсын ырзығың!