09.05.2022
132
Шідерлі мен байлаулы
Бұлт жалғаншы,
Бұлт ішінде жасын-жан.
Өзен – өзім,
Өмірімді сапырған.
Уақыт – қуат,
Кері ағып жапырған.
Бақыт – суат
Алға бізді шақырған.
Жасыл орман
Үміт екен сыңсыған.
Үміт кезсең
Жүрек тыңдар тыншып əн.
Шаттық сəуле
Ұстарадай қылпыған
Қу дүние
Түсініксіз бір тұман.
Адасқандар
Жол тапқанға күліп жүр.
Əлде солар
Бір шындықты біліп жүр.
Кіл өзімшіл
Білектерін түріп жүр.
Тұсаулы мен
Матаулылар жүріп жүр.
Бостандық жоқ
Шідерлі мен байлаулы
Босандың ба
Басқа қылыш сайлаулы.
Тағдыр тəлкек
Көп өткізген айдауды
Жұмбақ майдан
Шешпексіңіз қай дауды?..