09.05.2022
137
Сен, қоштастың ба?
Сен, қоштастың ба,
Сен, қоштастың ба,
Ойнаған өлкеңменен.
Арманның ақ кемесін ақ сəуле желкендеген.
Сұрама ертең менен, еркем менен,
Барамын көре алмай, жерімді көрсем деген.
Сен, қоштастың ба,
Сен, қоштастың ба,
Ақ бесік – ауылыңмен.
Бұрымың бұлғақтаған, періште дəуіріңмен.
Əуремін дауылыммен, күн санап сауығым кем,
Қоштасқын ауылыңмен, бір туған бауырыңмен.
Сен, қоштастың ба,
Сен, қоштастың ба,
Гүл-бақша орманыңмен.
Орның бар жан едің ғой, бір тал гүл болғаныңмен.
Көл жылап жасаурайды, көрмесін ол да білген,
Көргенін олжа білген.
Өксіме, жүр қалқатай, жүрек жоқ өртенбеген?!
...Өртенбеген!
Өзге күн, ертең деген.
Өткен күн – бір тамшы жас мөлтеңдеген.
...Басқа күн ертең деген.