09.05.2022
  186


Автор: Сабыр Адай

Гүл мен қыз

Ұзаттым
Бүгін айды тағы міне,
Суалды сұлу айдың жағы міне,
Қош айтып бірте-бірте жұлдыздарда,
Бастады түн ауғанын бəрі біле.
Бір тамшы жас секілді
Ай дегенің,
Болып жүр ай-көңілім қай дегенің.
Тағы да күт ақыным дейді мені,
Ескертіп бүгінгіден жай келерін.
Күтеміз,
Айдан басқа кіміміз бар,
Ай құшақ ару болса жырымыз бар.
Ай ауды,
Ақын қалғып,
Маужырады,
Осындай оңаша бір сырымыз бар.
...Арулар, тұрыңыздар, тұрыңыздар!..
Ақынбыз: біріміз – тал, біріміз – бал,
Ай тектес аруларға жырымыз бар!
Таң атты, тұрыңыздар!..
Тұрыңыздар!..
Күн сүйіп жүздеріңнен
Күлімдесін,
Бас исін шынарлы шың, ұлы құздар!
Жасасын гүл менен қыз,
Ай менен күн,
Тұрыңыздар!..Тұрыңыздар!..
Бас иген ұлы құздар, ұлы қыздар!..





Пікір жазу