09.05.2022
  223


Автор: Сабыр Адай

Өзіңнен шықсын жақсылар

«Бірің де шекер, бірің бал.»
Халыққа тисін қайырың.
Ұлтың үшін білім ал,
Ұлдың көрсін зайырын.
Нұрлы жүрек, ақыл-ой,
Аз халықтың қорғаны.
Білімді перзент жаның ғой,
Сүймесе ұлтын сор-дағы.
Құлқыны құрдым құл тусаң,
Көн қатқан соң тулақсың.
Қаршыға қанат ұл тусаң,
Қайырма көкті шулатсын.
Созғанмен қолың жетпейтін,
Жат кінəмшыл, баққұмар.
Өзекке тепсең кетпейтін,
Өзіңнен шықсын жақсылар!





Пікір жазу