09.05.2022
  140


Автор: Сабыр Адай

Аруана тектес адалдық

Шағадамнан1 тараған,
Жемді жайлап жараған.
Кемелге келген кер бура,
Тұмсаға болды бараған.
Келелі мая
Күміс құм,
Алтын қазған ана маң.
Бір атасы
Бураның,
Самның құмын қалаған.
Төс табанын түрініп,
Суырлып шықты арадан.
Пышаққа түсіп қалар деп,
Кеткен-ді алып жан ағам.
Сол кеткеннен
Кер бура,
Келмеді елге бұрылып.
Қай жерде тентек жүр екен,
Көрінгенге ұрынып.
Түйе боп алды
Кер тұмса,
Жыл өткен сайын құбылып.
Бураны іздеп жол қарап,
1 Шағадам – жер атауы.
Көзінен тұрар түн ұлып.
Аруана тектес
Адалдық,
Тек саған біткен ұлылық.





Пікір жазу