09.05.2022
  211


Автор: Сабыр Адай

Көрші қыз

Есен сау жатырмысың жаным-құрбым,
Сен болдың себепшісі шағын жырдың.
Əдейі бұрымыңа тағып қойып,
Қоңырауын өткен күннің қағып жүрмін.
Қарғамның көзі мұнарлы,
Шыңға бір біткен шынар-ды.
Көрген де көзім сенбеді
Көңілім үнсіз жылар-ды.
Естелік қылып
Тастадым,
Еркеме осы бір əнді.
Бұйрат құм бұл да көшіп өткен керуен,
Сан кетіп, сапар шегіп көктем келген.
Құйдырып əжем байғұс шəй ішетін,
«Көрші қыз періште» – деп, көктен келген».
«Аңғалым, ару жоқ», деп құрақ күлді.
Танымай тар көшеде ұзақ тұрды.
Əжемнің періштесі бір кездегі,
Білмеймін, үнсіз сосын жылап тұрды.





Пікір жазу