09.05.2022
133
Айды ұмытып кеткендей
Жайылған қауыз бүр ме екен,
Көрінбей қалай жүрді екен.
Жұпары гүлдей аңқыған,
Жұмақтан келген Үр ме екен?!
Еріні шоқтан қызыл-ды,
Кірпігі неткен ұзынды.
Көргенге бақыт сұлудың
Көңілі неден бұзылды.
Алтын да нұры ақ таңның,
Аққудай толғап баптандың.
Жамалын сүйіп жүзіңнің
Жар қылып құшып жатқан кім!?
Шəрбаттан тəтті шырыным,
Ести гөр Тəңір құл үнін.
Мезгілсіз мерт қып кетерсің
Қарама маған құлыным.
Шаттанып көңіл тасынды.
Шалығып барып басылды.
Құрмаға жалғыз жіберген,
Кім екен мұндай асылды?!
Көгілдір көлге жеткендей,
Көңілге гүлзар еккендей.
Таңнан қашып қасқа Түн,
Айды ұмытып кеткендей.