09.05.2022
130
Киіктер
Қу таяқ қара сырық,
Қу тақым дала шіріп.
Өліпті ақ киіктер,
Күйе мен қара сіңіп.
Киесі кеткен-дағы,
Өлді ме тектен бəрі.
Айдамай аранға кеп,
Ажалы жеткен дағы.
Тылсымның сыры-дағы,
Бірі сəн, бірі нəрі.
Ниетің ластанса,
Киігі қырылады.
Қан болдық қара талақ,
Кім қалды арашалап.
Сен де бір ақ киіксің,
Басыңнан тараса бақ.