09.05.2022
  108


Автор: Сабыр Адай

Біз болмақ боп

Біз болмақ боп шығар ұрпақ ақ берен.
Салмасын деп жат көген.
Тілін тапсаң
Бар қызығын сыйлайтын:
Ару сынды бақ деген.
Алақанын жүрегіңнің тос күнім,
Саған айтар достығым.
Бақыт деген арыстанның жалында,
Ер жігіттің жаратпайды бостығын.
Еріккеннен
Мен өзім де жырладым,
Керек емес ешкімге де Қо-о-ош мұным.
* * *
Ертеңімді еліркедім елең ғып,
Тұнжырайды биіктік пен тереңдік.
Доп тағдырды
Домалатып тепкілеп,
Кеттік сосын соның бəрін өлең ғып.
Тамшылайды батар күннің сілесі,
Бірде кіріп, бірде шығып тұр есі.
Батар күннен,
Атар таңға көп сəлем,
Болашақтың амандығын тілеші.
Түн жамылды бірте-бірте жабы қыр,
Тек қыбырлап кеудесінде жаны жүр.
Өлмек жанның
Өз білері ішінде,
Оған енді айтты-айтпады бəрі бір.
Қырау қатқан қазан сынды қара түн,
Жұлдыздарды қайда алып барасың?..
Еңірейді ерке бұлақ
Тал құшып,
Жүрегімнің қан талау ғып жарасын.
Ай қарады ақымағым жат деді,
Əлдилейін əннен лəззат тат деді.
Бар мен жоқтың арасында
Жан создың,
Осы қалқам сен іздеген бақ деді.
* * *
Жебесін өлең сөздің таңнан алдым,
Ақ күнге адырнамды жалғап алдым.
Өлсем өрт,
Жансам жалын қайран өлең,
Мен сені тумай жатып таңдап алдым.
...Ту ұстап, тура сөйлеп ханға бардың





Пікір жазу