09.05.2022
  149


Автор: Сабыр Адай

Ақ тал

Сүйеніш қылып көрейін,
Сағынышыммен келейін,
Жағада тұрған жалғыз тал,
Жалғызсың білем, не дейін?!
Мен сені ақ тал түсіндім,
Бұтаңа қонған құсыңмын.
Кеудемнің ашып сандығын,
Керелеп жырды ұшырғын.
Түсінгін мені ақ талым,
Сырымды мəңгі сақтағын.
Адалдық көріп өзіңнен
Саяңа келіп жатқаным.





Пікір жазу