09.05.2022
  157


Автор: Сабыр Адай

Бір сәттік қынжылыс

Өлең-ару: «өмір бер» – деп қиылды.
Кітап құны: тиын-ды.
Өлең байғұс
Туған елді сүйеді,
Соны елге жеткізуің қиын-ды.
Шыда жырым!..
Оқырманға барарсың.
Ұлт рухы жаңарсын.
Сені де бір
Күткен жүрек бар шығар,
Іздеп жүріп табарсың!..
Байларыңның екі көзі ақшада,
Байғұсыңның екі қолы шақшада.
Таусылмайтын
Бəсекеден
Шаршап тұр,
Қан жүрегі тас қала.
Кімге керек
Осы сенің өлеңің,
Ақын деген ақымақ қой, масқара!..
Кешір Абай!?..
Сіз басқасыз, данасыз!
Ал, Шəкəрім,
Қалды ақыры қарасыз.
Итжеккенде
Ақындардың сүйегі,
Елің бар ма ерге пана киелі?..
Кімге сеніп, қайда кетіп барасыз?..
«Тақ-тақ болсаң, арты тақ-тұқ» –
Деген бар,
Бірақ мұны түсінбейсіз Аға, Сіз!..





Пікір жазу