Сәлем беру
Сайран дəурен сан гөзелдің қызығы,
Сайын қырдың біз ұлы.
Əке болды, аталыққа жол бастап,
Күні кеше бір-бір үйдің бұзығы.
Кім біліпті қандай тағдыр күтулі,
Кімнің қанша маңдайының сызығы.
Жатыр дала құрсағындай заманның,
Ізі жатыр саздауында табанның.
Мен танымай сəлем бердім бір қартқа,
Сен үлкенсің деп тағады маған мін.
Сақал-мұрттың
Санап көріп қарасын,
Үйге келіп мен айнаға қадалдым.
Құм-белесті кезіп кетем сағына,
Оралмақ боп ойнап-күлген шағыма.
Сəлем беру қиын боп жүр көшеде,
Үлкен болып шығам ба деп тағы да.
* * *
Көзін тіктеп, сосын қайта сынықсып,
Көктем келді бірде суық, бір ыстық.
Жасаруға талмен бірге бүр жарып,
Біз де, міне, тырыстық.
Көктем күлді қайтесің деп өткенді,
Осы күнге жеткем-ді.
Гүл бақшаға алтын сəуле қонақтап,
Бізден қашты бүр мен талға бет берді.
Сəулесіне əуре болып жүгірдім,
Көктем келді, көппен бірге күбіндім.
Байқа! – деді, кім айтқанын білмеймін,
Тұрып қалдым... Мойындадым, үгілдім.
Қабырғамнан сыздап өтті бір сұмдық,
Дегенменен көктем келді, құлпырдық.
Еппен ғана естегіні малданып,
Өмір!.. Өмір!.. Өмір саған ұмтылдық.
* * *
Шал-шауқанның əңгімесі мал жайы,
Кəрі түйе, жас тайлақ пен жарбайы.
Кемпір сыпсың, келін тып-тың, сəби шат,
Ала таңның аппақ уыз таңдайы.
Қара төбет қайдағыны аңғармақ,
Ит қой енді итаяққа жалданбақ.
Кəрі мысық тышқан жайлы сөз болса,
Тұра қашар табанымен шаң қармап.
Өкірініп өгіз жатыр қорада,
Туды бітті көрген жері сол ара.
Қазық түбін қазып өткен өгізге,
Айтсаң ақыл қона ма!?
Бір сұлулық, бір ғапылдық, бір елес,
Дүние бұл кіл егес.
Қалай өмір.., солай енді сөз лəмі,
Жалғаншыда ештеңе де мін емес.