09.05.2022
153
Күс-күс алақан
Шел майын алып терінің,
Жер майын алып жерінің,
Төбесін ойып құлданып,
Сазайын берді ерінің.
Патшалы жұртың асқақ-ты,
Əлсіздің көзін жас қапты.
Сүйегін тізіп сүрлеуге,
Басынан елдің аттапты.
Қараның соры надандық,
Қонар ма сосын саған құт.
Талапсыз елдің баласын,
Табады іздеп жамандық.
Күс-күс те болған алақан,
Жоқтықтан талған қара сан.
Сен көрген қорлық өлшеусіз,
Жетпейді сөзім санасам.