09.05.2022
  170


Автор: Сабыр Адай

Иманды көңіл - атқан таң

Айдары алтын құлын бұл,
Құлдырап ойнап ұлым жүр.
Тəңіріне қол жайып,
Тəлімге мойын бұрып жүр.
Алланың құлы арлы дүр,
Алласыз кеуде жарлы дүр.
Құдайын іздеп жылаған,
Заманға тұлға зарлы құл.
Ой кезіп бойын талдырар,
Ойынды ізге қалдырар.
Иманнан уыз емген күн,
Ибадан төсек салдырар.
Танымның іздеп тақтасын,
Тағдырдың табар бақшасын.
Құранға сүйеп арқасын,
Құрмаға бұрар ат басын.
Иманды ерлер табысар,
Иманын іздеп жан ұшар.
Жақсылық іздеп халқына,
Уақытпен үнсіз жарысар.
Тыныштық тілер еліне,
Тіл тигізбес тегіне.
Құдайдың құлы бауырмал –
Қыстырмас шоқпар беліне.
Əр жүректе бар шырақ,
Кетпесе шайтан тартып ап.
Иманды көңіл – атқан таң,
Сəулелі күндей жарқырап.





Пікір жазу