08.05.2022
  139


Автор: Сабыр Адай

Көш тізгінін ұл алды

Жер астында мың арман,
Жер үстінде шығар жан,
Солардың айтып баянын ескіден қалған мешіт тұр.
Ай жаңасын көп көрген,
Жыл ескісін өткерген,
Өкірген күннің өзенін толарсақтан кешіп тұр.
Құлпытас қарап құнтиып,
Бесіктес жатыр бұлтиып,
Жабырқау қырдың көңілі жаназа күйді есіп тұр.
Бабамнан қалған мұрам-ды, бұйырса мəңгі тұрар-ды,
Өткенді жалғап ертеңге,
Шерлінің күйін шертерге,
Еппенен кейін шегініп, көш тізгінін ұл алды





Пікір жазу