08.05.2022
  135


Автор: Сабыр Адай

Білмейтін жалғыз біз ғана

Ақ самайы – ақ шағыл, ақтылы құмға түстендім,
Көктен сонау түскен кім!?
Періште мекен перделі,
Пері де мекен жердегі,
Болған істе болжау жоқ, бор төбеде тістендім.
Жерден шығып көртышқан желкелігін қасынды,
Көр тышқан білді, жасырды.
Білмейтін жалғыз біз ғана,
Білесіз оны Сіз де аға!
Құшаққа пышақ жасырып, ауыртып жүрсің басымды.
* * *
Мамыр мен келді маусымы, Маңғыстау неге түнермек,
Қыр түрленіп гүл өрмек.
Майда сөйлеп самалы, мамырлап шөгіп мұнары,
Ер тұлпарын жүгендеп.
Сапар алды жұмбақ-ты, сардардың жүзі тұнжырап,
Бармағын тістеп жүр жылап.
Өксігін басып жүректің, өзінше күлген болады,
Созылмас көпке бұл бірақ.
Сатқындар нұсқап көрсетті, дұшпанға түріп жырмасын,
Сақтаған иттер бір басын.
Қазақты бермес ешкімге, қайраулы қылыш көкбөрім,
Жаралған нұрдан текті едім.
Құрмалы ердің жиыны, құрсақтан шыға көргенім,
Маңғыстау – менің мектебім!
Ерлік пен елдік біздікі, қазақтың қайсар ұлымыз,
Жорықпен айттық мұны біз.
Аялап ұста ақ жүзін алашқа біткен намыстың,
Ағайын сөзді ұғыңыз?!





Пікір жазу