08.05.2022
166
Көрші қария
Қыңыр сөйлеп қылтияды шалыңыз,
Самайы қар, сақалының бəрі мұз.
Түсінбедім түн көзінде көп мұң бар,
Не тілейді жаныңыз?..
Қария тұр, қақпанында тоқсанның,
Барайын деп оқталдым.
Көп сырластым көргеніне шерік боп,
Көңіліме от салдым.
Омырауын күнге тосып шектелді,
Есігіне еппен басып жетті енді.
Əр жастықты – бір қарттық бар аңдыған,
Сəл мұңайып кеткем-ді.
* * *
Бір шамы сөнді міне азаматтың,
Хабарын таңға жалғап ғазауат түн.
Өмірге бірді əкеліп, бірді алып,
Саудасын тіршіліктің бағалаттың.
Бағасы алыс-беріс жан кепілім,
Жалғадым болашаққа əн көпірін.
Барады біреу мініп түн табытқа,
Тербейді іңгалатып таң бесігін.
Өлең бер, өзегімді құрғатпағын,
Көп сездім көкте жұмбақ ырғақ барын.
Саусағы жүрегімнің дір-дір етіп,
Таласып таң мен жырды құндақтадым.