08.05.2022
  142


Автор: Сабыр Адай

Еңселі отан - еркін күн

Өлең – өрнек, əн – талап.
Халқың келді алқалап.
Ұлтқа құнар, нəр берсін,
Ұландар құрған салтанат.
Жан гүлім – менің жастарым!
Жаңаша бүршік – жас талым.
Шынарлы құздың шырқауы,
Асу да бермес асқарым!
Əн салып құлын желпін-гін.
Еңселі Отан – еркін күн.
Сезімге түсіп бір шуақ,
Сендерді көріп серпілдім.
Күлкісін қара, бөбектің!
Өзендей толқып –
Өр екпін.
Сендермен қалың орманмын,
Самсаған жасыл терекпін.
Бозбала жанның мақтаны.
Бойыма бақыт шақтады.
Құлдыраған құлынның –
Ашық та болсын ақ таңы.
Қайғыны бір сəт жат қылдым.
Жайнаған жанды бақ қылдым.
Шүкірлік саған, бейбіт таң,
Сəулесін сүйдім ақ күннің!





Пікір жазу