08.05.2022
139
Жел жорық
Құлжасын құзар шыңның үркітпегін,
Əруағым əу басынан бүркіт менің.
Киесі киігімнің жаннан қымбат,
Өртендім сексеуіл боп бүршіктедім.
Сахарда саз да қалды, сағым қалды,
Ордасы алтын күмбез шағым қалды.
Құдайдың қалауымен құт дарыған,
Салтанат сап түзеген бағым қалды.
Сарайшық1 салған əнім, сері күнім,
Сартап жол, сайғақ қырдың елігімін.
Сарайшық – Сарайшық қаласы.
Бұл күнде тесік сауыт, кетік қылыш,
Жел жорық жеңістердің желігімін.
Ақ құмдар ақ парақ боп ашылып жүр,
Аяққа аяусыз-ақ басылып жүр.
Шашылған көп сүйекті бір тасбақа,
Қарашы қайта көміп жасырып жүр.