08.05.2022
124
Ұл болса
Өзін-өзі табаға сап қуырған,
Қызғаныштан буынған,
Қыл көпірдің ғалам көрдім үстінен,
Қызыл қанға жуынған.
Бермесіңді жолдан торып аңдыған,
Қарақшылар қалғыған.
Жасыл орман – асыл арман секілді,
Қарға-құзғын саңғыған.
Бəс қалды ма құны қанша тірінің,
Үзілді ме жұлының.
Ұлы дала мұрагері мен едім,
Сенесің бе ұлы құм?!..
Кешіп келем керең тарих арнасын,
Жер астында қалғасын.
Жеңгелердің құрсағында ұл болса,
Жеңіс туын жалғасын!