08.05.2022
  188


Автор: Сабыр Адай

Екі парақ, бір қалам

Заманның жүзі сазарды,
Айлаққа бермек азарды.
Ит құтырса иесін,
Балақтан тістеп бағар-ды.
Елден басқа жауың жоқ,
Инелі-сабақ дауың көп.
Екі парақ, бір қалам,
Арызға жатқан бауыр көп.
Бəле іздеген жақыннан,
Жаттан көмек шақырған.
Құтылмақпыз біз қалай,
Шулаған шұнақ пақырдан?!
* * *
Жəутеңдеп жамағаттың қарағаны.
Барады байғұстардың тарап əні.
Некесіз заман бұзық,
Адам қызық,
Төсегін қайта салып жаңалады.
Мен өзім өзгермеген түбектемін,
Басым даң, бауырым сыз, жүрек кебін.
Ғайыпқа тартып кетсем тауып алып,
Бақиға барар жолдың бір өткелін.
Қимайсың өлең сөздің шаранасын,
Ағам жүр хан көтеріп қара басын.
Ұрпаққа не қалдырып кетер екем,
Базары барымтаның тарағасын.





Пікір жазу