Еске алып жатыр.
Еске алып жатыр естінің бəрі елжірек,
Етектен қарап сен жүдеп.
Босағадан именіп кірді бір шындық,
Қараған жоқ келді деп.
Еске алып жатыр естінің үні сыңғырлақ,
Қаттырақ жылап шыңғырмақ.
Босағадан именіп кірді бір шындық,
Тастады оны шынжырлап.
Еске алып жатыр естінің сөзі тəп-тəтті,
Есіміз кетіп бас қатты.
Босағадан именіп кірді бір шындық,
Аяққа таптап тастапты.
Еске алып жатыр естінің көзі жастанып,
Ар-имандардан басталып.
Босағадан именіп кірді бір шындық,
Өлтірді үнсіз, өкпелік тұстан ақтарып.
Тағы да тобыр жеңіске жетті мүнəйым,
Келтіріп сөздің шырайын.
Сен қашан орын бересің енді шындыққа,
Бəрін білуші Құдайым!
Бір Алла ғана шындығын сүйер жүректің,
Келмейді жанды кір еткім.
Ақырғы демің қалғанша күрес дейді, əне,
Көгінен қарап Түбектің.
Еске алып жатыр естілер майдай жағымды,
Көргісі келмей тұрса да бір сəт сағынды.
Шындығы жоқ Ес пен Ақыл мұп-мұздай,
Бастарын иіп табынды.