08.05.2022
221
Бірліктің бұлағы
Сен күйініп даттадың,
Мен сүйініп мақтадым.
Сүйегің суса босқа өттің,
Даукескен қамал – қасқа күн.
Жыртылды балақ жылдардан,
Шындықтың жолы шырғалдаң.
Кінəмшыл туыс – кіл қонақ,
Ырыққа көнбей ырғалған.
Мен аунадым түнмін деп,
Сен аунадың күнмін деп.
Ойқанып сосын ол келді,
Көкті тіреп жүрмін деп.
Демедік бауыр, туыс-құт!..
Кеудені өстік қуыс қып.
Кереге бойлап кер жылан,
Уықты бойлап
у іштік.
Кімдердің несі кеткен-ді,
Қабырға бойлап жеп келді.
Бірің де өліп, бірің қал,
Бітіспес жау бол, – деп келді.
Бұл қалай енді тұр əлі?
Баяғы мақам құл əні.
Отпан тау сені қайтейін,
Бірліктің қайнар бұлағы.