08.05.2022
141
Ер ғұмыры
Ел жасарса, ер көгеріп бүрлейді,
Ел еңкейсе, ер де өмір сүрмейді.
Қара бақыр қайғы болып жаманға,
Қара халық ерге батып жүр дейді.
Ел көркейсе, ер бақыттан жарылар,
Ондай ердің Құдай берген бағы бар.
Ел еңкейсе ер өлгені қайғыдан,
Қырық бəле, қырдан келіп жабылар.
Ел мақтанса, ерін айтып сілкінер,
Жастап өлер шын бақыттың кілтін ер.
Ел еңкейсе ер ғұмыры түк те емес,
Дүниені тісін қайрап бір тілдер.
(...Неге тудым, неге жүрмін шіркін дер!?)