Теңіз көшіп барады
Біздің теңіз – біздің көңіл толқыған,
Үнсіз Шығыс, сол Тұран.
Буға айналып көтерілді көк теңіз,
Теңіз көшті ортаймайды ол тұман.
Тұман іші тұралаған көп үміт,
Бүйірінен ойып жатыр жел үгіп.
Көшкен теңіз, өшкен үміт, қашқан бұлт,
Заман кейін бара жатыр шегініп.
Ақ жаулығын ақ шағылдар тартынып,
Құз басынан қолын созды жарты үміт.
Көштің басын қайда бұрды білмедім,
Көшті бұлттар артынып.
Көк теңізім көзін көрген бабаның,
Түріп алып толқындардың балағын,
Көк мұнардың арасынан қол бұлғап,
Көшіп бара жатырмын деп қарадың.
Бəрі көшпек құрлықтар да, теңіз де,
Қарамайды бір толқыса ел ізге.
Мен де кеттім бір толқынға жармасып,
Басқа-басқа, мені бірақ, Сен ізде?!
Туған елдің қабағында бір мұң бар,
Таулар қалқып, басын ұстап жүр құздар.
Көк теңіздің жағасында кез құйын,
Астан-кестен ала дауыл тұрғызды ал.
Ал аттандық, теңіз қайда құр-башы,
Кімнен болмақ сөз басы!?
Қара қаңбақ қашып ала жөнелді,
Оған енді аман болсын өз басы.