08.05.2022
  104


Автор: Сабыр Адай

Жыр білер сенің жайыңды

Ер қаруы – бес қару, алтыншысы үнсіздік,
Тілсіз ғұмыр бір сіздік.
Сөзіңді сөйлер өлең бар,
Жаратса қайттің жырсыз ғып.
Қазаққа біткен өмірдің өзегі жырдан жанып тұр,
Жұмаққа жырды алып кір.
Анасы бұлақ ару жыр,
Қабағын елдің бағып тұр.
Барасың қайда құлыным жыр мəзірі дайын-ды,
Жыр білер сенің жайыңды.
Қалың қазақ – қара орман қайыра шақыр өлеңге,
Қарағай менен қайыңды.
* * *
Сонау бір жылғы дауыл ма,
Қан шашып тиді бауырға.
Құс ойнақ құйын желкілдек,
Желпілдеп соқты ауылға.
Түндігін түріп турады,
Іңірде шайтан тулады.
Бейқұт та жатқан берен жұрт,
«Бекет!..» деп жылап шулады.
Содан да бері өкпелі,
Өкпеден қаны кетпеді.
Көп қырылды мекеннің,
Көгершін қанат кептері.





Пікір жазу