08.05.2022
117
Қансонардың қаңтары
Таусылмайтын қансонар,
Қансонар емес жан-сонар,
Қаныңмен бояп тон жуып,
Көз жасыңмен қол жуып,
Бармағын жалап бал сорар.
Кім екен, сонда, ал солар?!
Көңілі көптің қылаулы,
Əлемің, əне, жылаулы.
Тəлкектің мына шешімін,
Тəңірден ғана сұраулы.
Қан-қан да болған əр таңы.
Қаншама сұмдық бар тағы!?..
Желтоқсан өтті, алда тұр,
Қансонардың қаңтары.