meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  08.05.2022
  182


Автор: Сабыр Адай

Кім екен?

Тіріміз ғой,
Ал, ойналық, күлелі.
Ілбіп басып жүрелі.
Тыныштық пен арасынан соғыстың,
Саясаттың саудагері күледі.
Анау орда құл қалған,
Мынау сорда ұл қалған,
Қара шыбын қайғы айтады ызыңдап,
Өрмекшінің торына кеп шырмалған.
Шындық емес!..
Шыңғыр!.. Егес!..
Бұл жалған –
Елес сынды нұрлы арман!..





Пікір жазу