08.05.2022
174

Ие мен Кие
Бабасыз болмас баласы,
Бірі тон, бірі жағасы.
Жер иесі – Ер Адай!
Ел киесі – Пір Бекет!
Адайдың алтын сағасы.
Атасы – Ұлық,
Ұлы – Пір,
Үш жүз алпыс Əулие,
Тайдырмас тірек, тағасы.
Иман-əдеп, салт-дəстүр,
Маңғыстаудың бағасы.
Алласы сүйіп
Бақ берген,
Құр емес шығар шамасы.