08.05.2022
  140


Автор: Сабыр Адай

Ақ келіншек және қаз жүрісті қарт

Ілесіп мыңы келді бір дұшпанға,
Шоқ шайнап, қалың елім күл құсқанда,
Бірігіп кəпірменен жанымды алған,
«Банды» боп біздің шалдар жұлқысқанда.
Анау қарт
Қаз жүріске салып-ақ жүр,
Күнінде көсем болған құл-құтпанға.
Көрмепті бір қақалып
Қылқанына –
Ауылды аймағымен қылғытқанда.
Əлі де «АҚ ҮЙ»
Көрсе көлеңкесін,
Жылқыдай үйездейді шыбындаған.
«Ақ үй»-де ақ келіншек сияқты ғой,
Көз тартып көлденеңдеп жымыңдаған.
Сары үстел,
Сары табақ,
Мөршіл билік –
Ашпауға тырысады сырын маған.
Өтті өмір,
Жоқ заманың екі келмек,
Қолына мақтау қағаз тие қалса,
Келеді кемпіріне кекіреңдеп.
Қара мөрді
Ақ саусақ аялайды:
«Бұл өзі жоғарыдан бекіген» – деп.
Бізде де
Бір кемпір бар мақтаналық,
«Ақ Үй-жан» –
Ақ келіншек, ал, неңіз бар,
Ақынға бөлек қойған, сақтап, алып?!





Пікір жазу