08.05.2022
126
Ақырдан жеткен бір үн бар...
Шығыстың қолы шырмаулы, батыстың басы даңғырап,
Қай жерде қарғам қалды бақ?
Əр шөңгеге бір табан есесі кетіп егілген,
Толқыны толғау қанды жап.
Қанжапқын болған дүние көзіңді сүртер кімің бар,
Көзіңде сора, ірің бар.
Құл біткенге естілер араша бермес ашулы,
Ақырдан жеткен бір үн бар.
Қайырып жырды толғадық, көңілге басу айтарға,
Қаһардың беті қайтар ма?..
Айласын басқа тауысып дұшпандық шықты даңғылға,
Адамзат соны байқар ма?!
Бейбіт те күннің қақпасын өздері жатыр бұзғылап,
Соқырмыз енді біз бірақ.
Адамзат деген көк мұхит, тасыса мұхит жан қалмас,
Кетеді толқын сізді де ап.