08.05.2022
185
Қаракөз жыр
Өлең қосып басымызды жырладық,
Атасы бір, анасы бір, бір халық.
Бір түп ағаш секілденген жапанда,
Жалғыз-жалғыз жан кешеміз ырғалып.
Тамырым бір, тағдырым бір ұлығым,
Жүрегіңнен естіліп-ақ тұр үнің.
Күміс жалын күнмен тарап, ай тұяқ,
Өлең болып келді саған құлының.
Маңдайымнан сыйпа менің аймала,
Өз ұлың ғой, өз тілекшің қайда да.
Сені жырлау менің жалғыз арманым,
Тұсау салма, шідерлеме, байлама.
Өз құлының сендік арды даулайды,
Сары самал, жел боп есіп саулайды.
Сен жатсың ба, өрісімді өгейлеп,
Қаракөз жыр қазағымнан аумайды