Иман күзет болмаса
Иман күзет болмаса,
Əлдекімдер əлеміңді ойнатар.
...Қайдағыны ойлатар.
Не боларын білмей кетер адамзат,
Қайғы да тар... Той да тар.
Иман күзет болмаса,
Өлеңнен де əдеп кетер, сыр кетер.
...Жыр бекер.
Адал сөзден айырылса пендеңіз,
Қала бекер...Қыр бекер.
Иман күзет болмаса,
Көктің төрін шайтан басар, жын басар.
...Тыңдатар.
Иман ғана – бар бақыттың бесігі,
Адамды адам сүйген жерде – гүл баһар!
Адамды сүй,
Тəңір сүйіп жасаған.
Адамзатқа махаббат бер Жасаған!
Жаныңызға иман күзет болмаса,
Тəніңізді шайтан ұрлар тасадан.
Мұхит елі, теңіз елі, көл елі,
Шалғын аймақ, шың мен құзар, шөл елі.
Өз-өзіне сенген халық оянар,
Бір-біріне сенбеген ұлт өледі.
Алақанда мөрі бар-ды Алланың.
...Жасырады жалғаның.
Ұлт жүрегін иман-əдеп жалғаса,
Озбырлардан онда аман қалғаның.
Ортақ сенім, ортақ намыс, ортақ ар,
От ішінен жол табар.
Бірін-бірі алдаған ұлт, ұл мен қыз,
Қайда барса қайғы төсеп, сор табар.
Өтірікке Құдай қорған болмайды.
...Сорлайды.
Алтыннан тау жасап алып жатса да,
Бақытсыздық бастарын кеп торлайды.
Иман күзет болмаса,
Өлең сөздің базары не, бағы не?
...Алдамшы ғой бəрі де.
Менен кеттің, көпке жеттің өлеңім,
Дұға қылдым ақ жол тілеп сəрі де