08.05.2022
150
Арқа жақта апта жаттық
Сары-арқа, омбы қар,
Ақ бас төбе, сорлы жар.
Атқа тисе тақымы,
Азат жүрек орнығар.
Құлан дүбір тұқым-ды,
Құл-құтаннан ұтылды.
Ержекең1 сол шер айтып,
Көзі күндей тұтылды.
Арқа-дөңім ақ самал,
Қала қақпан тас қамал.
Кіл алшаңы Алаштың
Тартты қырға бастап ал.
1 Ержан – Ержан Əбенұлы Сəрсембаев. (Арқаның азаматы)
Тарих талдап ұлықтап,
Жылға кешіп, жыр ұрттап,
Жанға алдық бостандық,
Қайғы-дертті құлыптап.
* * *
Кер үлек
Кемел басып күркіреді,
Аяғын басар-баспас іркіледі.
Құйрығын көп көтерді қара мая,
Кер үлек тұмсығымен түртіп еді.
Қайыған қаймалшасы, кəрісі де,
Берісі, жақсылықтың əрісі не!?
Қара шал
Кер үлекті мақтайды кеп,
Бағзыдан баға беріп əр ісіне.
Кер үлек
Қара шалға қарамады,
Келесі келер жылы жаңарады.
Күлімдеп кемпір отыр
Сонадайда,
Ойнап жүр қара шалдың балалары.