08.05.2022
304
Алма ағашы
Алма ағашы көп талқыға салынды,
Жемісі жоқ, бермегінен жаңылды.
Кеше ғана қарашығы бағбанның,
Енді, міне, кер есекке таңылды.
Есек жатыр саясында ырымдап,
Қайғылының тыңдамайды сырын жат.
Қора салды шауып тастап ақыры,
Бақыт солай бастан ауды қырындап.
Отқа жақты омырды да дүр білек,
Тал-шыбықтар соны көріп тұр жүдеп.
От болған соң, шоқ болды да, жоқ болды,
Кім айтады алма өмір сүрді деп.
* * *
Маңғыстау-шалқыған жыр, батпан мұңым.
Мысалы: Нұрым – бота, Ақтан – құлын.
Сұраған өлең өріп Хақтан құнын.
Қара өлең күйме жегіп күлімдейді,
Хан ұлы қол созғандай тақтан бүгін.
От-Ман тау ордалы ел, Ман-Аталы,
Сəл өзге сіздегіден дала таңы.
Баласы Ер Адайдың Пірім Бекет,
Алашқа нұрдан шашу таратады.
Жырлаған соның бəрін
Көзбен көріп,
Біз де бір дегелектің балапаны.