07.05.2022
  193


Автор: Ғалым Бисембіұлы ӘРІП

Осылай сыр толғайды аңыз сөзі...

Осылай сыр толғайды аңыз сөзі,
Осылай жыр толғайды ақын өзі.
Осындай еркек жалды арулардыңПа, шіркін, бар ма екен қазір көзі?!
Десек те далам бүтін, дариям бар,
Қаламқас, Мәншүк пенен Әлиям бар:
Есті қыз өсірсе деп арман еттім,
Қазақта қасиетті жанұям әр!
Демеңдер мынау ақын ақылсынды,
Ақтардым тарих жайлы асыл сырды.
Томирис апам кейде түседі еске,
Текті ару көрсем егер батыр сынды!
Қазақтың еске түссе азап-мұңы,
Қазақтың еске түссе азаттығы:
Ерлердей ел қорғаған,
Ұрпағы өсіп,
Ержүрек еске түсер Қазақ Қызы!!!





Пікір жазу