07.05.2022
  145


Автор: Ғалым Бисембіұлы ӘРІП

Қазақ ері

Ел болдық, Тәуелсіздік – тынысымыз,
Құдайдан бақ-береке-ырысымыз.
Қазақ елі жол тартты КЕЛЕШЕККЕ,
Астанадан басталып ірі ісіміз.
Ұлы істер ұйлығады ойланғанға,
(Іс бітпей, адам көңілі жайланған ба?)
Аласұрып қалған ек алғашқыда,
Астана астанаға айналғанда...
Алысып қала салып азаптанып,
Әйткенмен қалмадық біз мазаққа анық.
Әуелден КӨРІПКЕЛДІҢ көздегеніСолтүстік рух жиды қазақтанып.
Арқадан алабөтен самал есті,
Ел-жұртым бұрды сонда дала-көшті.
Есілдің есті алып сол жағалауы,
Жуықтап миллионға қалам өсті.
Марқайдым, сүйреді алға ой тереңім,
(Қаз баспай, кері кетсем қайтер едім?)
Ғаламдық Өркениет өресіндеХаншатыр, Пирамида, Бәйтерегім!!!
Күн сайын Ер Төстіктей келем өсіп,
Қарайды ел Астанаға елеңдесіп.
Қазақша шырқай берем қанаттанып,
Қолымнан келгенінше көмектесіп.
Қазақ бол, беу, бауырым, астаналық,
Бауырға құшақ жайып, төс қағалық.
Қазақ пен қазақ сөйлес қазақша деп,
Елбасы айтқан жоқ па бастама ғып.
Елбасым, ғарышқа жол сала білген,
(Марқаяр ұлы Далам Дана Ұлмен!)
Әлемде Елбасылар толып жатыр,
Нұр-ағаң – бөлек бітім, дара мүлдем!
Сиынып ата-баба, Жаратқанға,
Әлемді ұстап отыр алақанда.
Астана әйбәт рух құятындайМәңгілік Қазақ Елі – Ұлы Отанға!





Пікір жазу