07.05.2022
  126


Автор: Ғалым Бисембіұлы ӘРІП

Іздеймін Ұлықбектей-Ұлағамды...

Іздеймін Ұлықбектей-Ұлағамды,
Іздеймін Шаштайұлы Жұма-ағамды.
Сырласып жаны жайсаң жандарменен,
«Тауысып» кеткім келер сыраларды...
Іздеймін аттасымды – Жайлыбайды,
Тұлғасы тау пішіннен айнымайды.
Жүрегі ағыл-тегіл жыр-құдірет,
Қалайша шабыт буып шалқымайды!
Іздеймін Берік аға, Маралтайды,
Жаппасов Еркін сынды өр Алтайды!
Күлтәйдай айналайын қарындастарШәй берсе қыс күнінде маған жайлы.
Ешқашан күн кешпеймін тырысып тым,
(Мен, сірә, кіммен жау боп ұрысыппын?!)
Әйтеуір, киемдейін жанды баурап,
Одаққа бір кісідей сіңісіппін...





Пікір жазу