07.05.2022
187
Ғапыл
Жүректің тасқа айналуы үшін,
қасірет шегу міндетті емес,
Бауырға тастың байлануы үшін,
жасыңды төгу міндетті емес:
бір ғана сөз жетеді –
жемір!
Көз жетеді –
шегір!
Бір ғана сәт жетеді түңілу үшін,
лағыл тасты құрт тесуі үшін;
Ал тастың құм болып үгілуі ушін,
құмға гүл өсуі үшін,
жеткіліксіз өмір!